2024 жылғы 03 мамыр күні Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ, Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және №3 Балалар музыка мектебі бірлесе отырып, «Бақытты бала-мәңгілік ел кепілі» атты облыстық баян-аккордеоншылар байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – музыкалық қабілеті жоғары, дарынды балалар мен жастарды қолдау, баян және аккордеон аспабындағы орындаушылық шеберлігін жетілдіру.
Байқауға қатысушылар категориясы:
- Жеке орындаушы (кіші топ 6-9 жас, орта топ 10-13 жас, жоғарғы топ 14-16 жас, 18 жастан жоғары);
- Кіші топ ансамбльдер (дуэт, трио, квартет);
- Ансамбльдер.
Байқауға жалпы қатысушы саны – 58 жеке орындаушы және 14 ансамбль. Қатысушылар Ақтөбе қаласының және аудандық қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары: №1 БММ, №2 БММ, №3 БММ, Қазанғап ат. БӨМ, Байғанин ауд. Б.Тәжібаев ат.БММ, Алға БӨМ, Темір ауд. Шұбарқұдық БММ.
Қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, әртістік қабілеті, сахна мәдениеті, орындалатын шығарманың күрделігі т.б. критерийлер бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі негізінде жүлдегерлер анықталды.
Жеңіс тұғырынан көрінген жас өнерпаздарымызды, ата-аналар мен жетекшілерді құттықтаймыз! Өнерлерің өрге жүзсін!