"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ-нің "№3 балалар музыка мектебі" МКҚК

2024 жылғы 26 сәуірде Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе-Дарын өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және №3 Балалар музыка мектебі бірлесе отырып, облыстық «Қорқыт ізбасарлары» атты қобызшылар байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты - мектеп жасындағы өнерге қабілетті, дарынды балаларды анықтау және оқытушылардың орындаушылық мәдениеті мен кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқауға 65 жеке орындаушы және 7 ансамбль қатысты.

Қазылар алқасының шешімі негізінде жүлдегерлер анықталды. Байқау қорытындысы Aktobe.daryn.kz сайтына жарияланды.

Аты аңызға айналған Қорқыт бабамыздың мұрасын жалғап, өнер байқауында жүлдегер атанған өнерпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!

Өнердің биік шыңына жете беріңіздер!